"Алтын ұям – Менің КазҰУ-ым"

/uploads/thumbnail/20180523130234970_small.jpg

Білімнің алтын ордасы – қарашаңырақ болып саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студент дамуы үшін жан-жақты, толық мүмкіндік жасаған мекен болып саналады.

Еліміздің әр өңірінен білім алу үшін келген жастар, тек қана өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай өз қабілеттерін шыңдауына жағдай жасалған ерекше ЖОО – бұл ҚазҰУ.

Студенттердің дұрыс әлеуметтенуі үшін арнайы Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі басқарма, факультеттерде кураторлар, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары, студенттік клуб, әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмыс жасайды.

ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысы дегенде аса назар аударып айта кететін бір тұсы – университетімізде жүзеге асырылып келе жатқан төрт әлеуметтік жоба. Олар «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап», «Саламатты дене мәдениеті», «Green Campus» жобалары. Бұл жобаларға жеке тоқталып өтетін болсақ, ғылым мен техниканың дамыған заманында адамдардың бойында рухани құндылықтардың әлсіздені бара жатқан тұсында, өмірдегі жақсылық пен жамандықты ажырата білуде, әлемді өзгертуді адам тікелей өзінен бастауы керектігін түсіндіретін біреге жоба «Айналаңды нұрландыр» жобасы болып табылса, өмірді сүрудегі маңызды кепіл денсаулық екендігін, жан-жақты дамуда маңызды орынды спорт алатындығын түсіндіретін «Саламатты дене мәдениеті» жобасы болып табылады. Ал, «Green Campus» жобасының қаламызды, университетімізді көгалдандыруда, жасыл технологияны дамытуда маңызы зор. Сонымен қатар, еліміздің белгілі, өнегелі ақын-жазушылары, мамандарының сараптамасымен жасақталған кітаптар тізімі «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында дайындалды және бұл жоба студенттердің өз ілімдерін кеңейтуде қосып жатқан үлесі көп. Бұл жобалардан бөлек, соңғы жылдары университетімізде «Al-Farabi Smart City» жобасы да қолға алынып келеді. Бұл жобаның жастарды тәрбиелеудегі тарихи, идеологиялық рөлі өте үлкен.

Аталған жобалар аясында университетіміздің кураторлары, студенттері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары, үйірмелері мен клубтары әр түрлі форматтардағы ісшараларды ұйымдастырып келеді. Сәйкесінше, бұл студенттің өзін дамытуына үлкен септігін тигізіп жатқандығы сөзсіз.

Сондай-ақ, университетімізде студенттердің өздерінің көшбасшылық, ұйымдастырушылық, мақсат қоя білушілік және т.б. қабілеттерін дамыту үшін студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс жасайды. Ал, өнерлі, талантты студенттер Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайындағы студенттік клубтың жұмысына қатыса алады.

Жоғарыда баяндалғандардың барлығы, университеттің қоғамдық өмірінің тек бір бөлігі ғана. Еліміздің нағыз көшбасшыларын, білгір мамандарын дайындап жатқан қарашаңырақта әлеуметтік өмір - нағыз қызыққа толы орта.

 

 

                                              Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының

                                              профессор қ.а., б.ғ.к. Есимсиитова З.Б.

                                              Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының

                                              аға оқытушысы Манкибаева С.А., Биотехнология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Ерназарова Г.И.                                                               

Связанные Статьи