Головкин мен "Канело" Альварес реваншының ресми шешімі белгілі болды

/uploads/thumbnail/20180529172706454_small.jpg

Golden Boy Promotions промоутер компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық боксшы «Канело» Альвареске (49-1-2, 34 КО) жаңа қарсылас іздеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Таңертең «Канело» үшін Головкинмен реванш өзекті болған. Бірақ қазақстандық боксшының командасы келісімшарттың талаптарын қайта қараймыз дегеннен кейін «Канело» да шешімін өзгертті.

«Қазіргі уақыт бойынша айтсам, жекпе-жек жоқ. Егер дүйсенбі таңертең сұрағандарыңызда, онда келісімге қол қоюға аз қалды, тек кейбір детальді келісу керек дер едім. Бірақ олар жүлде қорды тең қылып бөлу туралы ұсыныс айтты. Содан соң біз бұл реванштан бас тарттық. Енді басқа қарсылас іздеп жатырмыз», - деді Гомес ESPN Deportes сайтына берген сұхбатында.

«Канело» Альварестің жекпе-жегі 15 қыркүйекке жоспарланған.«Саульдің таңдауы көп. Дэниел Джейкобс пен Билли Джо Сондерс, Жермалл Чарло және Давид Лемьё, сондай-ақ Спайк О’Салливан бар. Головкиннің де таңдауы жоғары. Ол міндетті үміткермен де бокстаса алады. Мысалға кәсіпқой рингте 12 жекпе-жек өткізген Сергей Деревянченко. Бокстасқысы келсе, ешкім танымайтын жігітпен бокстассын. Бірақ біз оларды күтіп отырмаймыз», - деп қорытындылады Эрик.

 

 

Связанные Статьи