Ауғанстанда осыдан 30 жыл бұрын жоғалған совет ұшқышы тірі табылды

/uploads/thumbnail/20180602150528049_small.jpg

Ауғанстанда осыдан 30 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен совет әскери ұшқышы тірі табылды. Бұл туралы РИА Новости Ресей десантшылар одағының басшысы Валерий Востротинге сілтеме беріп хабарлайды.

«Бұл адам сенгісіз – ғажайып. Енді ол қаржылық көмектен бөлек, әкімшілік, қоғамдық ұйымдардың көмегіне мұқтаж», - деп атап өтті ол.

Ұшқыштың есімі – Александр Миронов. Кейбір деректерге сүйенсек, ұшқыш мінген совет ұшағын 1987 жылы Ауғанстанда әуеден атып түсірген. "Боевое братство" ардагерлердің халықаралық қайырымдылық қоры өкілдерінің агенттікке айтуынша, Ауғанстанда жоғалып кеткен ұшқыш туралы ақпаратты Ресейге АҚШ берген. Бірақ әскери тұтқындар жөніндегі ресей-америкалық комиссия өкілі Александр Кирилин "РИА Новости" агенттігіне Мәскеу Вашингтоннан әуеден атып түсірілген совет ұшқышы туралы ешқандай ақпарат алған жоқ деп мәлімдеген.

Востротиннің сөзінше, ұшқыштың жағдайы жуырда өткен «Жауынгер бауырлар - Battle brotherhood» - «Жауынгер қарындастар - Battle Sisterhood» марапатын табыстау рәсімінде Ауғанстан өкілдерімен талқыланған.

1979 жылдың соңында саяси күштер арасында жанжал өрістеп тұрған Ауғанстанға Совет өкіметі әскер кіргізген. Оларға қарсы соғысқан "мұджахедтерге" батыс елдері қолдау танытқан. Совет әскері Ауғанстаннан 1989 жылы шығарылған. Он жылдың ішінде Ауғанстанда, ресми есеп бойынша, 14 мың совет жауынгері қаза тапқан. Бұл соғысқа Қазақ ССР-інен апарылған 22 мың сарбаздың 924-і мерт болып, мыңнан астамы мүгедек болып оралған. 21 қазақстандық хабар-ошарсыз кеткен

Связанные Статьи