Өзбекстан Қазақстанға экспортталатын көліктердің бағасын қымбаттатады

/uploads/thumbnail/20180602142800410_small.jpg

Ресей мен Қазақстанға экспортталатын өзбекстандық автокөліктердің бағасы артады. Бұл жайында Спутник Өзбекстан хабарлады.

Өзбекстаннан шетелге автокөліктер  Ravon  белгісімен экспортталады.

«Узавтосаноат» басшысы Умиджан Салимтың айтуынша, бүгінде компания шетелге шығатын автокөліктердің бағасын өзгертуді қарастырып жатыр. Аталған жұмыс бір ай бойы жүруі мүмкін.

— Экспортқа шығатын өнімнің бағасы қымбаттайды. Біздің бағамыз барлық ел үшін бірдей. Сондықтан ол Ресейде де, Қазақстанда да және басқа да елдерде бірдей болады. Жоба бойынша баға 10, 15, 20, 25 пайызға өседі, - деді компания басшысы.

Связанные Статьи