Жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі тоңазытқыштан табылды

/uploads/thumbnail/20180604102421462_small.jpg

Кемерово облысында жоғалып кетіп, бірнеше күннен кейін өлі табылған 7 жасар қызға қатысты тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Ресейдің Кемерово облысы бойынша Тергеу комитеті хабарлады.

2018 жылдың 3 маусымында Тергеу комитеті мен полиция қызметкерлерінің бірігіп іздестіру шаралары нәтижесінде қыздың денесі далада тұрған ескі тоңазытқыштың ішінен өлі табылған.

Оқиға Белово қаласында болған. Қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Полиция "ойнап жүріп тоңазытқыштың ішіне кірген қыз есігін аша алмаған" деп болжайды. Қазіргі уақытта "баланы өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2018 жылдың 29 мамырында ойнауға шығып кеткен қыз жоғалып кеткен. 18 сағат өткен соң қызының еш жерде жоқ екенін байқаған әкесі құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінеді. Іздестіру шараларына полиция қызметкерлерінен бөлек еріктілер де кірісті.

Связанные Статьи