Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар береді

/uploads/thumbnail/20180604112932056_small.jpg

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасиетті Рамазан айына арнап 5 маусымда Ақ үйде ауызашар береді. Бұл жайында америкалық БАҚ Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

New York Times мәліметіне сүйенсек, кешкі ас сәрсенбіде беріледі. Ал Ақ үй ауызашарға кімнің шақырылғаны жайлы тізімді әлі жариялаған жоқ.

Өткен жылы Дональд Трамп Рамазан айында Ақ үйде ауызашар бермей есте қалған болатын.

Ислам әлемінде АҚШ президенті Құрама Штаттардағы исламофобияға, иммиграцияға қарсы иммиграциялық заң қабылдауға және Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруге қатысқаны үшін сынға алынды.

Связанные Статьи