Семейде жеңіл атлетикадан жарыс өтті

/uploads/thumbnail/20180604161858381_small.jpg

Бүгін шаһарымыздағы орталық «Спартак» алаңында өңіріміздегі мектеп оқушылары арасында «Altay kіds сup 2018» атты жеңіл атлетикадан қалалық жарыс өтуде.

Жарыстың басты мақсаты – жеңіл атлетиканы дамыту және де көптеген спорттық сайыстар арқылы жас жеткіншіктерге салауатты өмір салтын насихаттау.

Биыл алғаш рет өткізіліп жатқан додаға қатысушылардың саны өте көп болды.Әрқайсысының көздерінен жеңіске деген ұмтылыс анық байқалды.
Таңертеңнен кешке дейін жас спортшыларымыз кіші допты қашықтыққа лақтыру , ұзындыққа секіру, 60 м-ге жүгіруден сынға түсті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта бұл спорттық шара жалғасын тауып, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.

Связанные Статьи