Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік емханаларда менингокок инфекциясына қарсы ақылы вакциналау жүргізу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы елдің бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті. Оның айтуынша ақылы вакциналау жүргізудің вакцинаның бағасын арзандатуға әсері болуы мүмкін.
Бекшиннің мәліметі бойынша, қазіргі таңда екі жекеменшік ұйымда үш екпе салу пункті бар. Олар жыл сайын қажылыққа баратындарға салынатын вакцинаны сатып алған.
"Оларға 4600 доза вакцина түсті. Бұл жеке меншік ұйымдар сатып алған вакцина мөлшері. Мен білсем, жеке ұйымдарда бір вакцина бағасы - 22500 теңге. Біз осы компанияға тағы да вакцина алуын өтіндік. Қазір денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік емханаларда ақылы вакциналау жүргізу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Себебі емханаларда бағаны тұрақтандыруға барлық мүмкіндіктер бар. Егер көтерме бағамен 17 500 теңге болса, емханаларда 19 500 тенгеден ақылы вакцина жүргізіледі", - деді Бекшин.
Дәрігер ұлттық күнтізбе бойынша оба, дифтерия сынды емдеудің басқа мүмкіндіктері мен профилактика түрі қарастырылмаған инфекцияларға вакцина жүргізіледі. Ал менингокок инфекциясына эпидемияға қарсы шаралар арқылы профилактика жүргізуге болады деп түсіндірді.
"Мүмкіндік болған жағдайда ақылы вакцина жүргізуге болады. Мұны әркім өзі шешеді", деп атап өтті Жандарбек Бекшин.
Естеріңізге салсақ, бүгін Елжан Біртанов министрліктің менингокок вакцинасының қымбаттауына жол бермейтінін мәлімдеген болатын.