«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» талқыланып жатыр

/uploads/thumbnail/20180604162253167_small.jpg

Өскемендегі Достық үйі — қоғамдық келісім орталығында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының аясында облыстағы Қазақстан халықтары ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті.

Жастарға бағдарламаның маңызын түсіндіру мақсатындағы жиынға Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, Ассамблеяның Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, ғылыми-сараптамалық тобының, облыстағы «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

-«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы бұл жобаны жастар арасында кеңінен насихаттауымыз керек,-деді облыстағы Қазақстан халықтары ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев.- Бұл жоба алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуына мүмкіндік жасайды.

– Адам қаншама тіл білгенімен, өзіне қажетті ақпаратты өзінің ана тілінде алғанға не жетсін, – дейді өңірімізге белгілі саясаттанушы Лилия Столярова. – Сондықтан әлемдік бестселлерлерді мемлекеттік тілге аудару – маңызды, қажетті, ең бастысы дер кезінде жасалған қадам болды. Әрине, бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасын табады.

Связанные Статьи