Қазақстанда 4136 адам менингококк инфекциясын жұқтырғандармен байланысқан

/uploads/thumbnail/20180605130400777_small.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Татьяна Колпакова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте менингококк инфекциясы туралы пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Аталмыш инфекцияны жұқтырғандар дер кезінде дәрігерге қаралмай, өз бетінше емделсе, мұндай жағдайлардың 50 проценті өлімге әкеліп соғады"- деді маман.

Брифингте Қазақстан бойынша 4136 адам менингококк инфекциясын жұқтырған адамдармен байланысқа түскені айтылды.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының сөзінше, адамдар рамазан айында тарауих намазына барып, сол жерде де инфекция жұқтыруы мүмкін. Себебі мешітте адам саны көп болған соң, ауар тарылып, инфекцияның таралу қаупі көбейеді.

Связанные Статьи