Аудан халқы Абай ескерткішін жасатуға бір күндік жалақыларын аударады

/uploads/thumbnail/20180605171042309_small.jpg

Абай ауданының 90 жылдығына орай Қарауылда ұлы ақынға арналған ескерткіш бой көтермек. Оған ауданнан шыққан беделді азаматтар мен кәсіпкерлер қаржылай қолдау көрсетеміз деп отыр.

Бүгінде ескерткішке қаражат жинау мақсатында «Парыз» қоғамдық қоры ашылған. Аудандық мәслихат хатшысы Ерлан Лдибаевтың айтуынша, қоладан жасалатын аталмыш нысанның сметалық құны 15 миллион теңгені құраған.

-Ұлтымыздың рухани ағартушысы, халқына мәңгі өшпес мұра қалдырып, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде мойындатқан ойшыл Абайға тағзым ету – басты парызымыз. Сол себептен біз ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында әлі талай шаруа атқаратын боламыз, — дейді Ерлан Лдибаев.

Айта кетейік, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп санайтын абайлықтар ескерткішті салуға бір күндік жалақыларын аударып бермек. Бұдан бөлек биыл Қарауылдағы орталық алаң абаттандырылып, ауданда бұрын соңды болмаған әуенді субұрқақ салынады деп жоспарлануда.

Оставить комментарий

Связанные Статьи