ШҚО-ның тұрақтандыру қорына 7,5 мың тонна көкөніс алынды

/uploads/thumbnail/20180605171205924_small.jpg

Облыстың тұрақтандыру қорына 450 млн теңгеге жуық сомаға 7,5 мың тонна көкөніс өнімдері сатып алынды. Осы жылы әлеуметтік маңыздағы тауарлардың тізіміне қызылша кіргізілмеген екен.

2018 жылдың қараша айынан бастап 2019 жылдың мамырына дейін тұраұтандыру қорының Өскемен мен Семейдегі сауда орындары картоп пияз, орамжапырақ және сәбіз көкөністерін сатып бастайды. Жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерден тауарлық биржа арқылы фьючерстік сатып алу жүргізіліп қойды. Өскеменге — 3300 тонна, Семейге – 4200 тонна көкөніс алынды,

-Сәуір айында біз 70 пайыз мөлшерінде алдын ала төлем жасадық. Қалғаны өнім толық жеткізілгеннен кейін төленеді. Өнімді тұрақтандыру қорына жеткізу уақыты – осы жылдың 30 қазанында. Көкөністер комиссия ұсынып, әкімдік бекіткен баға мен кесте бойынша сатылатын болады, — деп хабарлады «Ертіс» ӘКК» АҚ Басқармасының төрағасы Антон Крамаренко.

2017-2018 жылға алынған көкөніс өнімдері толық өткізілген екен. Тұрақтандыру қорының 109 сауда орнында төмен бағамен 3650 тонна картоп, 1550 тонна орамжапырақ, 250 тонна қызылша, 1150 тонна пияз, 900 тонна сәбіз сатылыпты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи