Қоғамдық көліктер мүгедектерге арналған құралдармен жабдықталуы керек

/uploads/thumbnail/20180605171328996_small.jpg

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың пікірінше, өңірдегі барлық қоғамдық көліктер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құралдармен қажетінше жабдықталуы тиіс.

Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова аймақтағы автобустардың ешқайсысы кембағал жандарға оңтайлы қызмет көрсетуге дайын еместігін айтты. Мамандардың ойынша, қоғамдық көліктерді мүгедек жандарға ыңғайлы ету үшін, бұл мәселені тендер талаптарына енгізу керек.

-Бұл мәселе тендер талаптарына енгізіліп қойған. Аталған талап орындалмаса қатысушының ұпайы төмендетіледі,-деді ШҚО Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Сұлтанов.

Алайда, облыс әкімі Даниал Ахметов бұл талаптардың ешқандай нәтиже бермей жатқандығын айтты.

-Қала көшелеріне шығып қарап көріңіздер, мүмкіндігі шектеулі адамдардың автобустарға отыруы өте қиын. Автобустарды қажетті құралдармен қамтамасыз ету үшін  тендердің талаптарын өзгерту керек,-деді облыс әкімі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи