Семейде «МІХ-2018» турнирі үздіктерді анықтады

/uploads/thumbnail/20180605171845924_small.jpg

Қаламыздағы түйемойнақ аралында Семей мектеп лигасы пікір сайысшыларының достық қарым-қатынасын нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында дәстүрлі «Бірлігіміз жарасқан» атты микс пікір-сайыс турнирі ашық аспан астында өтті.

Тартысқа толы дода «Микс» форматында өткендіктен, фракцияларды таңдау жеребе тарту арқылы анықталды. Барлық раундтар Америкалық Парламенттік пікір-сайыс форматында(АПФ) ойнатылды. Қатысушылар сайыс барысында «Б.П адам армандамаса бақыттырақ болады деп есептейді», «Б.П Шүкіршілік ету принципі қазақтардың басты қателігі болып саналады», «Б.П ҚР теңгесінің дизайынын қолдайды» деген тақырыптарды талқылап, көзқарастарын ортаға салды.

Жарыстың қорытындысына сәйкес, Бинұр Тұрысбекова мен Адема Қадылбекова жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, кубокты қанжығаларына байлады. Сондай-ақ ойнау стильдерімен ерекшеленген Аяулы Мамытова және Ақбота Серикказинова ІІ орынды иеленсе, ал үздік үштікті 32 мектептің оқушылары Әмір Өміржанов пен Гүлден Жүнісқазықызы қорытындылады. Жеке спикерлер арасында, яғни Линкольн-Дуглас (ЛД) форматы бойынша, Бинұр Тұрысбекова «Ең үздік спикер» номинациясын жеңіп алды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи