ОҚО-да кәмелетке толмаған жасөспірім алты жастағы балаға сексуалды зорлық көрсетті деген күдікке ілікті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 4 маусымда ОҚО-ның Қаратау ауданында болған.
ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Қаратау ІІБ-де тіркелген. ҚР қылмыстық кодексінің «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті» бабына сәйкес алдын ала тергеу басталды.
«Күдікті анықталды. Сараптама жүргізіледі. Күдікті де зардап шеккен де - балалар», - деп мәлімдеді полиция.
Құқық қорғау органдарында кәмелет жасына толмаған күдіктінің ата-анасының қамқорлығында екендігі айтылды.
«Оны полицияға жеткізде, оған қоса осы қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілді», - деп хабарлады ІІД.
Естеріңізге салсақ, наурыз айында желіде жеті жастағы балаға жыныстық зорлық көрсетілгені туралы хабар тараған. Оқиға көптің талқысына түсіп, жуырда президент Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш жағдайға қатысты пікір білдірді.