Өскемендегі №1 қалалық аурухананың атауы мен статусы өзгереді

/uploads/thumbnail/20180605175118699_small.jpg

Аурухана статусы мен атауының өзгеруіне мұнда әкелінген заманауи құрал-жабдықтар себеп болып отыр. Сонымен қатар бұл жерде енді бүкіл облыстан келген науқастарға қызмет көрсетілетін болады.

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кезекті жиында облыс басшысы Даниал Ахметов айтты.

-Дәл осы аурухана кешенінде еліміздегі ең тұңғыш Роботохирургия орталығы жұмыс істей бастады. Енді біздің дәрігерлер біліктіліктерін одан сайын арттыра түсуі қажет, ол үшін шетелден білімдерін толықтыруы керек,-деді Д.Ахметов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шорановтың айтуынша,  Өскеменнің  №1 ауруханасы заманауи медициналық  құралдармен жабдықталуы жағынан облыста ғана емес, республика көлемінде де алдыңғы қатарлардың бірінде екен.

-Мекемеге жаңа статус берілуі керек. Оның қазіргі жұмыс бабындағы атауы да дайын тұр – Облыстық мамандандырылған медициналық орталық,-дейді басқарма басшысы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи