Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте парламент ғимаратында кофе төгіп алғаннан кейін еденді жуып, былғанған турникеттерді сүртіп шықты. Түркияның Голландиядағы елшісі Кис ван Бек 51 жастағы саясаткердің бұл әрекетін видеоға түсіріп, өзінің Twitter парақшасына жариялады.
Видеодан еден жуушылардың премьер-министрдің әрекетіне таңғалғанын байқауға болады. Олар Марк Рюттені қолдап қол шапалақтады.
Кейбір желі қолданушылары премьер-министрдің бұл әрекетін халыққа жағу үшін істегенін айтады, алайда Түркия елшісі Марк Рютте өмірде сондай қарапайым адам екенін және оны бірнеше мәрте Гаагада велосипедпен жүргенін көргенін де жазды.
Оставить комментарий