Семейде экологиялық фестиваль аясында 500 түп ағаш отырғызылды

/uploads/thumbnail/20180606101119192_small.jpg

Семейде Әлия Назарбаева қорының ұйымдастыруымен «Бірге жарқыраймыз!» атты республикалық экологиялық фестиваль өтті.

Семейдің таза әрі көрікті қалаға айналуын қала тұрғындарының барлығы армандайды. Осыған орай  «Бірге жарқыраймыз!» атты фестивалді Астана қаласынан кейін  Семей жалғап отыр.  Республикалық фестиваль еліміздің 16 қаласында өтпекші.

Қаладағы №3 мектепте ұстаздар, ата-аналар қауымы, балабақшалар, үкіметтік емес ұйымдардан барлығы атап айтқанда, 50 ұйым бас біріктірді. Олар өздерінің әртүрлі жобаларымен, дизайндарымен және экологиялық тазалық, адам және табиғат тазалығы туралы көптеген ұсыныстарымен бөлісті. Және Әлия Назарбаеваның қатысуымен түсірілген бала тәрбиесі, мектептегі ұстаз бен оқушы қарым-қатынасы туралы фильмді тамашалады.

-Фестивальдің негізгі мақсаты-біздің қоғамдағы экологиялық мәдениетті арттыру, қаланың көгалдандырылуы, адамдардың өз еліне деген құрметі,-деді қалалық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Жанна Жибраева.

Семейдегі №3 мектепте өткен фестивальге қала әкімі Ермак Сәлімов және қоғамдық маңызы бар ұсыныстарды дамыту қоры төрағасының орынбасары Татьяна Немцандар қатысты.

Сондай-ақ фестиваль аясында қаладағы Авиценна колледжінің студенттері Абай атындағы кітапхананың ауласына жасыл шырша көшеттерін отырғызды. «Бірге жарқыраймыз!» республикалық фестивалі жастардың қатысумен жалпы қалалық сенбілік өткізді. Онда 500 жас көшет отырғызылды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи