ШҚО Қоғамдық кеңесі облыс орталығының құрамына Радужный кентінің қосылуы туралы ұсынысты қолдады.
Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен Қоғамдық кеңестің отырысында белгілі болды. Өзге сұрақтармен қатар Өскеменнің әкімшілік-аумақтық шекарасын өзгерту туралы мәселе де қаралды.
-Радужный кенті 1991 жылдан бері Өскеменнің әкімшілік бағынышында тұр. Бірақ осы күнге дейін облыс орталығының құрамына қосылмаған. Кент тұрғындары сан рет қалаға қосылу туралы ұсыныстарымен келген. Барлық қажетті құжаттар дайын, — деді қала әкімі аппаратының басшысы Ержан Шурманов.
Ол Қоғамдық кеңестен осы ұсынысты қолдауды сұрап отыр. Кеңес мүшелері Радужный кентінің қала аумағына қосылуын дауысқа салып, бірауыздан қолдады.
-Қоғамдық кеңестің шешімі соңғы құжат болып табылады, — деді Шурманов мырза.-Енді Ұлттық экономика министрлігі кент бойынша қаулының жобасын ҚР Үкіметіне қарау және қол қоюға енгізеді.
Аталмыш кенттің аумағы 94 гектардан асады. Қазіргі уақытта онда 1917 адам тұрып жатыр.
Оставить комментарий