Астанада Назарбаевтың басшылығымен шетелдік инвесторлар кеңесі басталды

/uploads/thumbnail/20180606120342305_small.jpg

Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Күн тәртібіне үш мәселе қойылған. Бірінші - 30-шы кеңестің хаттамалық тапсырмаларының есебі. Екінші – шетелдік тараптың инвестициялық саясат мәселесіне арналған ұсыныстарын қарап, энергетикаға, экологияға, мұнай-газ саласына, адам капиталының дамуына байланысты сауалдарды талқылау. Сонымен қатар, бүгінгі пленарлық отырыстың негізгі сауалы – модернизация тақырыбы болып отыр.

ШИК құрылғалы бері Елбасының басшылығымен 30 пленарлық отырыс өтіп, онда елдегі шетелдік инвестицияның құқықтық режимі, Қазақстандағы сот жүйесін дамыту, салық салу жүйесін оңтайландыру және шетелдік жұмыс күшін тарту, ҚР инвестициялық имиджін жақсарту, болашақ энергетикасы сынды бірқатар мәселелер қаралды.

Шетелдік инвесторлар кеңесі – 1998 жылы ҚР Үкіметі мен шетел инвесторларының арасындағы тікелей диалогты дамыту мақсатында құрылған.

ШИК құрамына 31 ірі трансұлттық шетел компаниялары мен халықаралық ұйымдар тіркелген.

Связанные Статьи