Семейде жаяу жүргіншілер экскурсиясы басталды

/uploads/thumbnail/20180606120610805_small.jpg

Қаламыздағы орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Сүйікті қаламмен біргемін» атты жобаның тұсаукесер рәсімі өтті.

Аталмыш жобаның негізгі мақсаты жас ұрпақты бойына отансүйгіштік сезім қалыптастыру , туған өлке тарихына деген қызығушылықты ояту, мәдени ескерткіштеріміз туралы толығырақ ақпарат беру болып табылады.

Басқосуға «Нұр Отан»партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова арнайы қатысып, «Жас өлкетанушылар» клубына қабылданған жас жеткіншектердің мойындарына көк байрағымыз түстес галстуктарды салтанатты түрде тақты.

Сонымен бірге «Халықтық ой-сана» жазба ақындар орталығының мүшелері өздерінің жүрекжарды өлеңдерін оқып, «Тарихи-мәдени орындарға саяхат» деп аталатын жаяу жүргіншілер экскурсияның ары қарай жандануы үшін бар күштерін салатындарын уәде етті.

Жиын соңында барлығы бірігіп ең бірінші экскурсияларын Ұлы Абайдың ескерткішіне тағзым етуден бастағанды жөн көрді.
Айта кету керек, бүгінгі таңға дейін орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Ағылшын тілі анаммен бірге», «Шәй ішсен көңілің жәй», «Комикс кафе» сынды қызықты іс-шараларды ұйымдастырып, көптеген үйірмелердің ашылуына ұйытқы болып отыр.

Связанные Статьи