Қазақстанда тағы күн суытады

/uploads/thumbnail/20180606134343108_small.jpg

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы қайта төмендейді. Ал елдің батысында дабылды ескерту жарияланған.

Алдағы үш күнде республиканың солтүстік жартысында кей жерлерге өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігінде де өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Аптап ыстықтың беті қайтып, күндіз температура +30+39 градустан +25+30 градусқа дейін төмендейді.  

Қазгидромет  қатты желге байланысты Батыс Қазақстан облысында дабылды ескерту жариялады. Бүгін елдің батысында найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін барады. 

Орал қаласында бүгін күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді деп болжануда.   

Ал ертең БҚО-ның кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, Оралда екпіні 18 м/с дейін күшеймек.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 пайыз.  

Связанные Статьи