Мәулен Әшімбаев: кітапханалар тек кітап оқитын орын болмауы тиіс

/uploads/thumbnail/20180609173417949_small.jpg

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер тұрақты өтетін, жастардың ғылыми жаңалықтар мен қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын нағыз білім орталығы болуы тиіс екендігін айтты. Бұл жөнінде ол Алматыдағы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасына барған кезде мәлімдеді.

Аталған кітапхана жастардың зияткерлік орталығы ретінде қайта құрылып, халыққа заманауи форматта қызмет көрсетуде. Бүгін жұмыс сапарымен Алматы қаласына келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарыкітапханаға арнайы барды.

Жамбыл атындағы кітапхананың қайта жаңғыртылуы өте жоғары деңгейде жүргізілгенін атап өткен жөн. Яғни, руханият ордасы соңғы үлгіде жабдықталып, бүгінде еуропалық коворкинг орталықтарының деңгейінде қызмет көрсетуде. Мұнда жеке жұмыс істеу үшін бірнеше тыныш аймақ және жаңа жобаларды топ болып талқылауға арналған тиісті орындар қарастырылған. Білім орталығы қажетті компьютерлермен және жылдамдығы жоғары Wi-Fi интернет желісімен де жабдықталған.

Мәулен Әшімбаев аталған нысанның жұмысына айрықша мән беріп, мұндай ұтымды тәжірибені еліміздің басқа қалаларында да қолдану керектігін атап өтті.

– Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі халықтың білімге деген құштарлығын одан әрі арттыру. Сондықтан біз отандық кітапханаларды осындай заманауи білім орталықтарына айналдыруды көздейтін партиялық жобаны қолға алдық. Өйткені кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер тұрақты өтетін, жастар жиі бас қосып, ғылыми жаңалықтар мен қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланатын рухани орда болуы тиіс, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары аталған партиялық жоба шалғайдағы ауылдық кітапханалар үшін аса маңызды екеніне назар аударып, жоба бойынша бірыңғай онлайн кітапхана жүйесі іске қосылатынын жеткізді. Соның аясында еліміздегі барлық кітап қорының цифрлы нұсқалары дайындалмақ.

 Жамбыл атындағы кітапхана

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары сапар барысында «Милосердие» ерікті қоғамы» қоғамдық қоры Қамқоршылар Кеңесінің отырысына қатысты. Белсенді қоғам қайраткері Аружан Саин басқаратын ұйым балалардың денсаулығын жақсарту жолында «Балаларға өмір сыйла», «Жетімдерсіз Қазақстан» және «Аутизмді жеңеміз» жобалары бойынша ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Қор жұмысының маңыздылығына тоқталған Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта партия тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтты.

Связанные Статьи