АҚШ президенті Дональд Трамп Франция президенті Эммануль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, КХДР, Иран және Сирия мәселелерін талқылады.
«Президент Дональд Трамп бүгін Франция басшысы Эммануэль Макронмен сөйлесті. Тараптар Сингапурдағы Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуін талқылады. Трамп АҚШ-тың саммитті өткізудегі мақсатын қайталап өтті – Солтүстік Кореяны толық қарусыздандыру», - делінген хабарламада.
Бұған қоса, басшылар Сирия аясындағы жағдайдың реттелуін де сөз етті. Трамп Иранмен кешенді келіссөздердің жасалуына назар аударды. Әрі сауда аясындағы кедергілерді азайту үшін Еуропалық одақты келіссөздер жүргізуге шақырды.