Италия мигранттарды қабылдамайтын болды

/uploads/thumbnail/20180617104259907_small.jpg

Бұдан былай Италия Таяу Шығыстан ағылған босқындарды қабылдамайды, деп хабарлайды 24.kz.

Елдің ішкі істер министрі Маттео Сальвини осылай деп мәлімдеді. Саясаткер кірмелерді тасымалдаумен айналысатындарды контрабандашыларға теңеп отыр. Сондай-ақ ол Facebook-тегі парақшасында еуропалық елдердің бұл шешімге қатысты сын-пікірінен қорықпайтынын жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, көрші мемлекеттердің ұсынысына қарамастан Рим 600-ден астам мигрантты елге кіргізуден бас тартты. Ақырында босқындардың кемесі Испанияға жол тартты.


Связанные Статьи