Қостанайда баласын вокзалға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр

/uploads/thumbnail/20180619120615807_small.jpg

Қостанайда белгісіз әйел өз баласын автовокзалда қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Костанайские новости" сайтына сілтеме беріп.

Басылымның мәліметінше, бала 17 маусымда шамамен сағат 20.40-та табылған. Оқиға орнына ювеналды полиция қызметкерлері мен жедел қызметтегілер барған. Баланы күзет қызметкерлері тапқан. Олар аналар мен балаларға арналған бөлмеден баланың жылап жатқан даусын естіген. Бала кереуетте жатқан. Жасы шамамен 1,5-да.

баланың анасы

Қазіргі уақытта баланың анасын іздестіру жұмыстарына жеке құрам жұмылды. Бала үйде, оған тәрбиешілер қарап жатыр.

жоғалған бала
Полиция баланың анасы жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды 8-777-363-04-24 немесе 102.

Связанные Статьи