Барак Обама екінші рет АҚШ президенті болуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170812120828461_small.jpg

АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама өзінің жақтастарымен билік басына қайта келуді талқылап жатыр. Ол 2020 жылы өтетін президент сайлауына үміткер ретінде қатысуы мүмкін.

Бұл жайында Vanity fair хабарлады.

АҚШ-тың Демократиялық партиясы мемлекеттегі жоғары билікке Барак Обамадан басқа лайықты адамды көріп тұрған жоқ.

— АҚШ-тың Демократиялық партиясының мүшелері елдің қазіргі президенті Дональд Трамп қол қойған Заңдар мен АҚШ-тың әлемдік аренадағы жағдайына таң қалып отыр. Елді басқарып отырғандардың әрекеттерінен шаршап, олар Барак Обамдан көмек сұраған, - деп жазды басылым.

Басылымның мәліметінше, соңғы айларда Обама  Демократиялық партияның белгілі өкілдерімен кездескен. Кездесу барысында алдағы президент  айлауына қатысуы талқыланған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи