АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Құрама Штаттың дүниежүзілік ұйымның адам құқығы жөніндегі кеңесінен ресми түрде шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алайда Никки Хейли АҚШ адам құқықтарын сақтау туралы міндеттемеден бас тартпағанын атап өтті.
«Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүше болуды тоқтатқанымызды ескере отырып, біз БҰҰ-ның адам құқықтары проблемаларын шешуге қатысу бойынша барлық құрылымын күшейтуге тырысамыз. Егер ол реформаланса, біз қайтадан кеңес мүшесі болуға дайынбыз», - деді Хэли.
АҚШ пен адам құқықтары жөніндегі кеңес бір-бірін бірнеше рет сынға алды. Кеңестің соңғы отырысында Ақ үйдің көші-қон саясатының шеңберінде өткізілетін балаларды ата-аналарынан бөліп тәрбиелеу тәжірибесі айтылған болатын.
Өз кезегінде, Трамптың әкімшілігі кеңестің Израильге қатысты немқұрайлы қарым-қатынасын сынға алды.
Трамптың қазіргі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон 2006 жылы БҰҰ-да адам құқықтары жөніндегі органның құрылуына қарсылық білдірген болатын.
Оставить комментарий