Туризм үшін ең қауіпті мемлекеттер аталды

/uploads/thumbnail/20180622102801677_small.jpg

Британдық Endsleigh сақтандыру компаниясы саяхат үшін ең қауіпті 10 мемлекетті атады. Бұл туралы Express хабарлайды.

Сарапшылардың пікірінше, туристік сапарлар үшін ең қауіпті мекен – Таиланд. 2017 жылы аталмыш елге байланысты сақтандыру компанияларына шағым көп түскен, 100-дің 23 пайызын құрады. Таиландтан кейін Чили мен АҚШ ең қауіпті мемлекеттердің қатарына қосылды. Сақтандыру компанияларына түскен шағым 15 пайызды құрады.

 Бұған оса Франция (7 пайыз), Испания (8 пайыз), Германия (8 пайыз) қауіпті мемлекеттердің қатарында. Франция мен Испанияда туристер көбіне ұрланған заттары үшін шағым түсірген. Мамандар бұл мемлекеттерге сапарлайтын туристерге барынша мұқият болуды айтады.

Сонымен қатар Непал (8 пайыз), Перу (8 пайыз), Багам аралы (4 пайыз), Бразилия (4 пайыз) елдері туристер үшін қауіпті мемлекеттердің қатарына кірді.

Туризм

Наурызда «Қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі азаматтың кеңес» үкіметтік емес ұйымы әлемдегі 50 қауіпті қаланың тізімін жариялаған. Бірінші кезекте Мексикадағы Лос-Кабос қаласы тұрды. 2017 жылы әр 100 мың тұрғынға шаққанда 111,33 өлім тіркелген.

Связанные Статьи