Қытайдың Чжэцзян провинциясының Чжан есімді тұрғыны сүйіктісіне үйленуге ерекше ұсыныс жасамақ болған. Оның орнына жас жігіт қонақ үйдің 10 бөлмесін өртеп жіберді. Бұл жайында Shanghai.ist порталы жазады.
Чжан ұсынысты сүйіктісімен танысқанына бір жыл толуымен жоспарлаған. Қонақ үйде бөлме жалдап, майшамдардан жүрек формасын жасап қойған. Қызын күтіп алуға шықпас бұрын шырақтары жағып кеткен. Қызын күтіп алған кезде қонақүйдің ішін өрт алып кеткен.
Түтіннің салдарынан қонақ үйдегі қонақтардың бірнешеуі бесінші қабатта қамалып қалған. Құтқарушылар оларды құтқару үшін арнайы автобаспалдақтарды пайдаланған. Өрттен қонақ үйдің он бөлмесі зардап шекті. Адам шығыны болмаған.
Ал сүйікітісіне тосын сый жасамақ болған жігіт барлық шығынды өтейтін болды. Шығын көлемі – 250 мың юань.
Оставить комментарий