Биыл бүткіл түркі дүниясында Мағжан жылы деп аталғаны белгілі. Оның мерейтойы Маусымның 22 мен 25-і аралығында «ақының ақыны» деп аталған Мағжан Жұмабаевтың өзінің туған өңірі Қызылжар өлкесінде 125 жылдық мерейтойы халықаралық жоғары дәрежеде өткізілді.
Алдымен 22-і күні Сәбит Мұқанов атындағы облыстық сазды драма театрында ақынның «Шолпанның күнәсі» атты хикаяты бойынша сахналық көрсетілім болды. Ертеңіне той ақынның туған ауылы Сары томарда жалғасты.
Мағжанның Қызылжарда ашылған ескерткішінің алдында солдан оңға қарай: Бақытжан Тобаяқов, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Ғалым Жайлыбай
Оған алыс-жақын шетелден, атап айтқанда, Түркиядан, Әзербайжаннан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан, Ресейден келген қонақтар, Мағжан ақынның өлеңдерін аударған ақындар қатысты. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Түріксойдың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет мазмұнды сөз сөйлеп, ғалымдар баяндамалар жасады.
Қонақтар оның ертеңінде Қызылжар шаһарындағы мұражайда ақын шығармаларымен танысып, Н. Погодин атындағы орыс драма театрында «Мағжанның соты» аты трагедияны көрді. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ақын туралы қорытынды конференция өткізілді. Онда мағжантанушыларға сый-сияпат көрсетілді. Атап айтқанда, ғалымдар Серік Негимовқа, Тұрсын Шаңбайға, Ербол Тілешовке, Хангелді Әбжановқа, Қадыр Омаровқа, жазушы Жарасбай Сүлейменовке, ақын Бақытжан Тобаяқтегіне Мағжан Жұмабаевтың медалі тапсырылды.
Сонымен қатар, Ресейдің Лермонов комитеті атынан Аскер Додуев балкар ақындары Қайсын Құлиевтың, Отаровтың аудармашысы, қазақ ақыны Бақытжан Тобаяққа Қайсын Құлиев медалін тапсырды.
Бақытжан ТОБАЯҚОВ
Оставить комментарий