Ирак ДАИШ әскерлері мен жихадшылардың әйелдерін өлім жазасына кесе бастады

/uploads/thumbnail/20180630152439991_small.jpg

Иракта бейсенбі күні терроризм айыбымен ұсталған 12 адам өлім жазасына кесілді. Мұндай жаза түрі елдің үкімет басшысы Хайдар әл-Абадидің бұйрығымен бекітілді.

Франс-пресс агенттігінің хабарлауынша, Иракта жалпы алғанда ДАИШ террористік ұйымына қатысы бар 300 адам мен шетелдік 100-ге жуық әйел өлім жазасына кесілген. Тағы 700 әйел үкім шығаруын күтіп отырған көрінеді. Олардың ішінде 70-ке жуығы ресейлік әйелдер екені анықталды. 19-ы өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

27 наурызда Бағдатқа жақын маңынан ДАИШ тұтқынында болған сегіз адамның өлі денесі табылған. Human Rights Watch ұйымының бас сарапшысы Беликс Вилле Ниневия провинциясындағы сот отырыстарының барысын бақылап қайтқан екен. Айтуынша, сот шешімдері күдікке толы болып шықты. Терроризммен байланысты Ирактың сот істері базалық нормаға сәйкес келмейді.

Amnesty International агенттігінің мәліметіне сәйкес, былтыр Ирак өлім жазасына кесілген айыптылардың саны бойынша Қытай, Иран және Сауд Арабиясынан кейін 4-орынға шықты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи