Бразилияда мектеп оқушылары екі ай бойы жалақы алмай, мектепте тұрып жүрген мұғалімге ақша жинап берген.
Бруно Рафаэля де Пайва Брежу-Санту муниципалитетіне 2018 жылдың наурызында көшіп барып, денсаулығына байланысты уақытша демалысқа шыққан мұғалімнің орнында жұмыс істеді. Бұл әрекеті үшін мұғалім ақша да алмаған, ал отбасын достарының көмегі арқылы асырап отырды.
Жалға алған үйіне төлейтін аша болмағандықтан, мектепте тұруына тура келеді. Де Пайваның бұл мәселесінен хабардар болған оқушылар ұстаздарына ақша жинауға кіріседі. Жиналған қаражаттың жалпы көлемі – 400 бразилиялық реалды (6 600 рубль) құрады.
Ақша салынған қорапшаны мектеп оқушылары мұғалім отыратын үстелдің үстіне қойып қояды. Оны ашып көрген де Пайваның көзінен еріксіз жас шықты.
Мектеп директоры мұғаліммен келісімнің 20 наурызда аяқталғанына байланысты ақша түсірмегенін айтып ақталды.
Оставить комментарий