«Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметкерлеріне жұмыс уақытында әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды. Қызметкерлер компьютермен қоса, жеке гаджеттерін де жұмыс орнына алып кіре алмайды.
Бұл туралы ғарыш айлағының директоры Евгений Раковский мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Раковскийдің айтуынша, мұндай әдіс қызметтік ақпараттың жойылып кетуінің алдын алып, еңбек тәртібін нығайтады. Сол себепті қызметкерлер жұмыс уақытында ақпарат алмасу мүмкіндігінен айырылады. Ал қызметтік ақпарат алмасу үшін ғарыш айлағының басшылығы электронды поштаның бірлескен қызметін ұсынады.
Оставить комментарий