3 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Дархан Кәлетаев ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Д.А. Кәлетаевты Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындау туралы.
Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 30 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігін ҚР қоғамдық даму министрлігіне айналдыру жарлығын шығарды.
Оставить комментарий