Шынымен итжанды ұлт болдық па?..

/uploads/thumbnail/20180704094613002_small.jpg

Баласындай қазаққа бір атаның,

Қайғы-мұңсыз атты ма, мына таңым?

«Мың асқанға бір тосқан...»-деп күбірлеп,

Әр таң сайын өзімді жұбатамын.

 

Әр қазақтың басында осы ой бар ма,

Сенім қалмай іштегі бос айбарға...

Келер айға тағы үміт артамыз ба?

Үміт болмай қалғанда осы айларға.

 

Дәл осылай қазақта күн өтуде,

Дәл осылай қазақта түн өтуде...

Кім сенімін жоғалтты амалсыздан,

Кім миына тағы үміт түнетуде?..

 

Тақылдаған құр сөзге таңдайы тек,

Деп қай кезде айтып ек: «маңдай ұлт ек!»

Алданудан ешқашан шаршамайтын

Айтыңдаршы, итжанды қандай ұлт ек?..

 

Барлығын да сұратпай бере берер,

Тұяқ серіппей үн-түнсіз өле берер...

Шыныменен итжанды ұлт болдық па,

Қандай қорлық, мазаққа көне берер?

 

Көне берер қандай бір ит қорлыққа,

Ағайыннан алыстап сырт қондық па?

Қайан қазақ, қайталап тағы айтамын:

Шыныменен итжанды ұлт болдық па?..

 

Жұмаш Көкбөрі

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи