Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жетісу» саябағының ашылуы кезінде өзінің әкесі жайлы сөз қозғады. Елбасының әңгімесінен үзінді видеоны Ақорданың Instagram-дағы парақшасы жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Мен – бақта өскен адаммын. Әкем бағбан болатын. Үйіміздің айналасында 25 сотық жер болатын, ол кезде үлкен аула еді. Ол аулада алма ағаштары жайқалып өсіп тұратын. Әкем бақшадағы ағаштың түбінен-ақ қай ағаш екенін білетін, оны маған үйрететін: мұнда алма, мына жақта алмұрт. Нағыз Мичурин болатын.
Мен сол бақта өстім, алма ағаштарын күтетінмін, су құйып, өскен соң теріп тұратынмын. Көктемде Алматыға апарып, сататынбыз. Біздің отбасы солай күн көретін», - деді президент.
Бұдан бұрын Ақорда Елбасының балалық шағын еске алған сәтін жариялаған.
Оставить комментарий