Алматыда белгілі продюсер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20180704100335241_small.jpg

Алматыда «Томирис» фильмінің продюсері Анна Чакиртова жоғалып кетті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің жақындарының сөзінше, Чакиртова 2 шілде күні кешкі сағат 21.20-да үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. 

«Сол күні сағат 20.00 шамасында кеңседен шығып, үйге кеткен. Жолда дәрі-дәрмек алу үшін дәріханаға кірді. Ары қарай үйге барды. Біздің екі баламыз бар – ұлымыз 1997 жылғы, ал қызымыз 1999 жылғы. Ұлды дүкенге жіберіп, өзі үйде қалған. Ұлым қайтып келсе, әйелім жоқ екен. Ұялы телефонын телефон қуаттағышқа қойып, үйде тастап кеткен. Ол жауапкершілігі бар адам, ескертпей ешқайда кетпейтін, бізге әр қадамын айтып жүретін», - деді күйеуі Мұрат Нұғманов.

Күйеуінің айтуынша, дәріханадағы бақылау камерасынан Аннаның соңығ рет қандай киімде болғаны көрініп тұр. Продюсердің туыстары Аннаны көріп қалған жағдайда мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: +7 707 272 0945.

Оставить комментарий

Связанные Статьи