Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың мерейтойына өңірлердің сый-сияпаты жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
Ол мерекені тойлауға Қазақстанның барлық өңірі дайындалып жатқанын атап өтті.
"Бәрі қалаға бір нәрсе сыйлағысы келеді: біреу саябақ, біреу жаңа көше, біреу мектеп, біреу балабақша. Оларға көп рақмет, өйткені бұл – Отанымыздың астанасы, барлық қазақстандықтың астанасы. Астанада әр өңірді еске түсіретін орындар болғаны дұрыс", - деді мемлекет басшысы.
Оставить комментарий