Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаев жайлы өз ойын айтты. Өзбекстан басшысының Елбасы жайлы айтқан видеосын Президент Телерадиокешенінің Instagram-дағы парақшасы жариялады.
«Ең алдымен, уақыт пен тағдыр маған әлемдік деңгейдегі мемлекеттік әрі саяси қайраткер – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жұмыс істеуге мүмкіндігін сыйлады. Ол – озық ойлы адам. Қашан да тың реформаларға ұмтылады. Ол реформатор. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қандай жетістіктерге жеткенін көруге болады. Ең бастысы, Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық орнап тұр. Реформалар жүріп жатыр. Қазақстанның бүгінгі жетістіктеріне бүкіл әлем куә.
Назарбаевпен сөйлескен кезде өзімді жайлы сезінемін. Әрбір кездесуден сабақ аламын. Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ерекшелігі ол өзінің командасына қашан да ерекше назар аударып жүреді. Ал командасы Назарбаетың революциялық идеяларын жүзеге асырады», - деді Мирзиеев.
Айта кетейік, 6 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толады.
Оставить комментарий