Саясаткер Айдос Сарым Трамптың «Путинмен оңаша сөйлескім келеді» деген ниетіне алаңдаушылық танытып отыр. Бұл туралы саясаткер бүгін «Жаңа Қазақстан» форумының баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Трамп пен Путиннің кездесуінде талқыланатын аумақтық шағымдар мен өзге де келісімдерді заңдастыру мәселелері Қазақстанның егемендігіне соққы болуы мүмкін.
«Трамп айтуы мүмкін: «Айналайын, бұрынғы Совет одағының елдері сенің меншігің болсын, сен біздің ісімізге араласпа», - деп. Біз содан қауіптеніп отырмыз», - деді Айдос Сарым.
Саясаткердің ойынша, біз Батысқа бет бұрып, АҚШ пен Еуропаның контексінде болуымыз керек.
Айта кетейік, "Жаңа Қазақстан" форумы Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр. Жиын барысында саясаткерлер АҚШ астанасы Вашингтонға сапарларының нәтижесін айтып берді. АҚШ-та ашаршылыққа баға беру, биліктің транзиті, парламенттік жүйеге ауысу мәселесі, сонымен қатар Қытайдағы қазақ мәселесі көтерілген.
Оставить комментарий