Тәжікстанда дәрігерлер он айлық баланың денесінен бірнеше ине тапты. Бұл туралы Sputnik Тәжікстан жазды.
Деректерге сәйкес, 28 маусымда баласының аузынан ине алып шыққан ананың есі шығып, сәбиін Душанбедегі «Караболо» медициналық орталығына апарады.
Анықталғандай, баланың басы, мойны, кеудесі тағы басқа дене мүшелерінде бірнеше инеден бар екен. Тіпті, дәрігерлер операция барысында иненің бәрін шығара алмаған. Алайда, сәбидің денсаулығы сырттай қалыпты көрінді, бойындағы инелер оның денесін ауыртпағандай тыныш күйде болды.