ОКҚ пресс-конференциясы барысында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов чемпион Денис Теннің ісі бойынша жаңа дерек айтты. Анығын айтсақ, бұл аталмыш іс бойынша үшінші күдікті қолға ұсталыпты. Күдіктінің аты-жөні Жанар Толыбаева деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Денис Теннің өмірін қиған деген айыппен бүгінгі таңда үш адам қамауға түсті. Дәлел-айғақтар жиналып, тексеріліп жатыр. Олар қазір уақытша қамауда отыр. Соңғы үшінші күдікті өз қылмысын жасырғаны үшін қамауға алынды деді Марат Ахметжанов.
Өздеріңіз білетіндей, талант иесі Денистің автоұрылардың қолынан қаза болу ісін Елбасы Бас прокурорға жіті қадағалауға алуды тапсырған болатын.
Оставить комментарий