Науырыз - қазақтың төл жаңа жылы. Күн мен түн теңеліп, дала нұрға бөленіп, оң мен солға, өткен мен келешекке көз жіберетін мезгіл. Зымыраған уақыт пен замана көші кей кейде Қазақ тәуелсіздігін сын сағатқа әкеле жатқандай күй кешеміз. Осындайда халықтың сөзін сөйлеп, ісін істеп келе жатқан азаматтарды бағалай білгеніміз жөн. Тәуелсіз «Қамшы-ақпарат» қоғамдық қоры ұлтына адал қызмет етіп келе жатқан сондай бір топ азаматты «Қазақ хандығына 550 жыл» медалімен, арнайы алғыс хатпен марапаттауды ұйғарды.
Олар:
1. Абзал Құспан, заңгер
2. Дархан Қыдырәлі, Түркі академиясының Президенті
3. Айдос Сарым, саясаттанушы
4. Бауыржан Оспанов, меценат
5. Берік Уәли, ОҚО Ішкі саясат басқармасының бастығы
6. Расул Жұмалы, саясаттанушы
7. Мұхтар Тайжан, кәсіпкер
8. Ерлан Қарин, саясаттанушы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры
9. Әміржан Қосанов, саясаткер
10. Нұртай Сәбилиянов, мәжіліс депутаты
11. Жарылқап Қалыбай, "Жұлдыздар отбасы", "Аңыз адам" журналдарының Бас редакторы
12. Дос Көшім, "Ұлт тағдыры" қоғамдық қозғалысының жетекшісі
13. Сәкен Майғазиев, әнші, "Музарт" тобының мүшесі
14. Болат Мүрсәлім, журналист, 31 арна жаңалықтар бөлімінің жетекшісі
15. Қасым Аманжол, журналист
Әрине, Қазақ еліне ұшан-теңіз қызмет атқарып жатқан оғландар жетерлік. Дегенмен, "Біздің елдің жігіттерін" толық марапаттауға шағын қордың мүмкіндігі аз. Сондықтан бұл марапаттауды алдағы күндерде жалғастырамыз. Шығармашылық бәйге жүлдесі мен "Қазақ хандығына 550 жыл" медалі 30 наурызда Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында табысталады. Ұлыс оң болсын!!! qamshy.kz - "Қамшы-ақпарат" қоғамдық қоры ("Қазақ хандығына 550 жыл" медалына мүсінші Ринат Әбеновтің жобасы мен Қазақ хандығы туының нобайы пайдаланылды)













