Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің жасыңыз да, біздің жасымыз да келіп қалды

/uploads/thumbnail/20180720164444081_small.jpg

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Екінші дүниежүзілік соғысында қабар-ошарсыз кеткен ерлерін, балаларын келіп қалар деп үміттеніп өмірінің соңына дейін күткен талай аналарды көрдік.  Қазақ халқы Россия отарынан босанып, еркіндік алып, өркениетті демократиялық, әділ қоғам құрсақ деп армандап үлес те қостым. Мен жоғарыдағы аналардай, өркениетті демократиялық, әділ қоғамды 28 жылдан бері үміттеніп күтіп келемін. Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің жасыңыз да, біздің жасымыз да келіп қалды. Қолыңыздағы халық мандатын пайдаланып «өркениетті демократиялық қоғам» құрып, елдің арманы сайлаудың әділ өтуіне/сайлау адал өтпей, халық сайланған өкілдерінің адалдығына еш сенбейді/ Бүгіннен бастап жол бастап беруіңізді күтеміз. Сонда үмітіміз ақталып, ұрпақ болашағына алаңдамай кете береміз. Ел қариялары біз айтпасақ, кім айтады? Қоғам рухани азды, оны қалпына келтірудің бірден-бір емі – демократия мәдениетін дамыту деп ойлаймын. ...Түпкі үміт – Ұрпағымыз әділ қоғамда, теңдей жақсы өмір сүруі.

Құрметпен, "Қадірменді қариялар" ҚБ төраға орынбасары 
Жарқынбек Сейтінбетұлы

Оставить комментарий

Связанные Статьи