Еліміздегі спорт мектептердің біріндегі жаттықтырушы намаз оқып жатқан оқушыларды балағаттап, бөлмеден қуып шыққан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталған оқиға видеоға түсіп қалған.
Мектеп оқушылары намаз оқып жатқанда спорт жаттықтырушысы намазды аяқтауын, бөлмеден шығуын талап етеді. Алайда оқушылар жаттықтырушының сөзін елемей, намаз оқуын жалғастырады. Осы кезде спорт жаттықтырушысы оқушыларды балағаттап, жайнамаздарын теуіп, күштеп сыртқа алып кетеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары бірі мұғалімнің балағаттағанын, намаз оқуға кедергі жасағанын сынаса, енді бірі мектепте намаз оқыған оқушыларды сынға алды.
Оставить комментарий