"Намаз оқыған оқушыларды балағаттаған мұғалім жазаланатын болды"

/uploads/thumbnail/20180813121332399_small.jpg

Бүгін әлеуметтік желіде намаз оқып жатқан спорт мектебінің оқушыларын балағаттаған мұғалімнің видеосы тараған болатын. Аталмыш оқиға турасында Жамбыл облысы әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы түсініктеме берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі turaninfo.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Басқарма басшысы видеоны көріп шықты.

— Видеодағы оқиға бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, екі жақтан да түсініктеме алынып, жауапты азаматтар жазаланатын болады, — дейді Нұрбол Әбдімажитұлы.

Естеріңіз салсақ, Тараз қаласындағы «Атлетик» спорт кешенінде болған оқиға әлеуметтік желіде тарап кетіп, көпшіліктің ызасын тудырды. Видеоны түсіріп желіге жүктеген адамның кім екені әзірге белгісіз.

Связанные Статьи