"Қадірлі ағайын! Өмірден жақсы адам, жақсы азамат қадірлі Сәбит қажы Жүнісбекұлы Байдалы өтті деген қаралы хабар алып отырмыз. Марқұм жақсы адам еді, Алаш мұрасына ынтық еді. Дәм тұзы таусылыпты. Өткінші өмірден деген осы. Марқұмның жаназасы жұма күні болмақшы. Уақытын қосымша хабарлап айтамын. Алла алдынан жарылқасын! Әмин! Бақұл болыңыз, Аға!" деп қайғылы хабарды қабырғасы қайыса отырып Елдос Тоқтарбай өз фейсбук парақшасында жеткізіпті. Қарағанды облысының тумасы, Жезқазған қаласының құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері, телерадио журналисі Сәбит Байдалының жатқан жері жайлы болсын дейміз.
Оставить комментарий