Шымкенттегі балабақшалардың бірінде 2 апта бұрын болған жайт әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталған видеода балабақша тәрбиешісі балалардың қолын жуу үшін оларды кезекке тұрғызып, жеңдерін түруде. Алайда өзін тыңдамаған балаларды тәрбиеші ұрып-соғып айтқанын істетпек болған.
«Сендер менің айтқанымды тыңдамасаңдар, мен де сендермен сондай қарым-қатынаста болып, сендерді тыңдамайтын боламын, сендер менің жүйкеме тисеңдер, мен де сендердің жүйкелеріңе тиемін», дейді тәрбиеші әйел.
Орта жастағы тәрбиешінің 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар-мыс. Аталған жайт бойынша біз Шымкент қаласының баспасөз бөліміне хабарластық. Шымкент қаласының баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, істің ақ-қарасы анықталып, балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылған.
Оставить комментарий