Тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу жұмыстарын тамыз айының басында аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.Биыл терможаңғырту бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары 8 үйде, атап айтсақ, Авангард ықшам ауданында, Сәтпаев көшесі мен Вокзал маңы ықшамауданында басталды. Тамыз айының басында мердігерлер 8 үйді ПИК-не тапсырады. Қазір Авангард-2 ықшамауданындағы №15 көп қатарлы тұрғын үйде жөндеу жұмыстары бітті.
-Мұнда жұмысшылар үйдің шатырын, электр сымдар жүйесін ауыстырып, подъездерді әктеді, домофон орнатты, ыстық, салқын су жүретін тұрбаларды жөндеді, жертөлені құрғатып, жөндеуден өткізді.
Мердігер мекеме, сондай-ақ, кәріз тұрбаларын ауыстырып, барлық подъездерге жылу есептегіш орнатты, енді тұрғындар жылуды үнемдейтін болады. Терможаңғырту бағдарламасы аясында үйдің алды толық боялып, балконның сыртқы жағына металпрофиль орнатылды, подъездердің терезелері ауыстырылды, -дейді
«Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС басшысының орынбасары Рүстем Қабдол.
Қазір, сонымен қатар, қайтарылған қаражат есебінен облыс орталығындағы тағы да 4 тұрғын үйде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды. Мұнда да барлық коммуникациялар жаңартылып, шатыр ауыстырылады. Ертеректе салынған алты тұрғын үйге лифт орнату да жоспарда бар.
-Биыл жыл аяғына дейін 13 тұрғын үйге күрделі жөндеу жасауды жоспарлап отырмыз. Оның жетеуінде коммуникациялар жаңартылады, Б.Момышұлы көшесіндегі үш үйге, Сәтпаев көшесіндегі 52,54,56 үйлерге, барлығы алты үйге жаңа лифт орнатылады,-дейді Рүстем Қабдол.
Биыл терможаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 430 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның 70 пайызы игерілді, алдағы қыркүйек айында толық игеріледі.
Оставить комментарий